Жап-жасыл көл

18 Sep

Таңғы сағат сегіз. Жексенбі. Демалыс  болғандықтан бұл уақытта негізі дала да , қала да тыныштық құшағында. Бірақ бұл бүгін  ҚазҰУ қалашығының тұрғындарына қатысты емес!

ҚазҰУда тыпыр-тыпыр қызу тіршілік. Жатаққхана жақтан басты корпусқа ағылып студенттер келе жатыр.  Ең ерте турғандары уже кутіп тұр :)

 

 

Күн жексенбіде бұлардың барлығы не үшін жиналып жатыр? деген сұрағыңыз туындаған шығар. Бұл жолы біз Іле-Алатау ұлттық табиғи бағына қыдырып баруға демалысты повод қылып, шулы қаладан қала сыртына қашып кеттік десекте болады :) )

Сегізден бастап жинала бастаған студенттер қауымы сағат тоғыз дегенде толықтай жиналып болып, автобус жолға шықты.

Таңертен ерте тұрғандықтан болса керек барғанша барлығымыз дерлік ұйықтап бардық автобуста.

Он екі дегенде ең алғашқы  ”Алтын адам”  табылған мекенге де жеттік.

Он екі жарымда Іле-Алатау табиғи паркіне келіп түстік. Барлығымыздың көзімізге ең бірінші түскен ол -жап-жасыл изумрудное  Есік көлі. 

Таза ауа, әсем табиғат барлығымыздың ұйқымызды шайдай ашып жіберді. Барлығымыз автобустан түсе салып айналамыздағы табиғаттын әдемі көріністерін тамашалай бастадық. табиғатты тамашалау суретке түсуден басталды ғой :) )

 

 

 

Сосын барлығымыз бас қосып гитарамен ән айтып, таза ауада тамактандык.

 

 

Исламбек студенттердін басын косып түрлі ойындар ойнатты.

 

 

 

Қысқасы, бұл демалысымыз керемет өтті :)

 

P.S.Айым мен Ләйләға барлығмызды жақсы ұйымдастырып апарып келгендеріне алгыс айтамыз!

Менің алғашқы махаббатым!

17 Sep

Бүгік ҚазҰУ жастары Халықаралық шаңғы трамплині кешеніне жиналды. Жайдан жай емес. Оған өзінің үлкееееееееееен себебі бар. Бүгін сүйікті қаламыз  Алматының туған күні. Соған орай «Алматы – менің алғашқы махаббатым» ретро-фестивалі тағы да өзінің тыңдармандарын – ретро-өлеңдерді сүйер қауымын жинады.

Дәстүр бойынша, фестивальдің  жүргізушілері Сағынай Абдуллин мен Нағима Есқалиева болды. Олармен бірге сахнаға Нұрлан Албан, Мәдина Сәдуақасова, Жантик пен Айгүл Мукей, Нұрлан Қоянбаев пен Гүлнәр Сильбаева шықты.

Фестивальді Дариға Назарбаева ашты.

Одан кейін еліміздің белгілі әншілері өнер көрсетті. Шет елдін әншілері сахнаға шығамыз дегенше біз қайтып кеттік :) .  

Алматы – менің алғашқы махаббатым ретро-фестивалінен  шағын фото-репортаж.

Суреттерден көріп тұрғандарыңыздай кеш өте тамаша өтті. Настр.мыз керемет, жақсы демалып қайттық.

Барлығымыздың басымызды қосып ұйымдастырып жүрген  университетіміздің  ең белсенді де беделді студенттері Данияр, Сандуғаш, Саулеге алғысымызды білдіреміз.

Алиханға ерекше рахмет :)

Ілмектер:, , , , , ,

Тұсаукесер. Америка деректі фильмдер фестивалі.

16 Sep

14 қыркүйек сағат 16.00-де Алматы қаласында АҚШ елшілігі журналистер мен блогерлерге арнап келесі аптада басталатын  Еуразия кинофестивалінде көрсетуге ұсынылған деректі фильмдердің тұсаукесерін өткізді.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше Америкалық деректі фильмдердің фестивалі 19-26 қыркүйек аралығында Алматы, Астана, Шымкент қалаларында өтпек.  

Еліміздің үш қаласында көрермендер назарына ұсынылғалы отырған алты таңдаулы кино туынды бүгінгі таңда маңызды проблемалар көтерген. Бұл фильмдерді көре отырып Америка қоғамынның ішкі кухнясын мен мәдениетіне деректі фильмдерді түсіруші тәуелсіз режиссерлердің көзімен ене аласыз.

Небары алты фильм барысында  АҚШ-тағы азаматтық құқық, соғыс ардагерлеріне медициналық көмек көрсетілу мәселесі, қоршаған ортаны қорғау,балалар құқын қорғау,сөз бостандығы  мәселесі кеңінен қамтылған.

«Бұл фестивальді ұйымдастырдағыу мақсатымыз өзге елдерді Америкада өңдіріліп жатқан деректі фильмдер шығару индустриясымен таныстыру. Бұл қазір  Америкада қарқынды дамып келе жатқан сала. Біздің Қазақстандық көрермендерге ұсынып жатқан фильмдердің барлығы тәуелсіз кино режиссерлердің  туындысы. Оларға ешқандай үлкен фирмалар не болмаса студиялар көмек көрсетпейді. Деректі фильм түсіру бұл режиссерледің хоббиіне айналған.Не үшін бұл алты фильмді ұсынып отыр деген сұраққа келетін болсақ. Алдымен Америкадағы деректі фильмдер ассоциациясы АҚШ-тағы ең жақсы деген 30 фильмді таңдап алып, бізге жіберді. Ал біз осындағы қызметкерлермен ақылдаса отырып  үздік алты туындыны таңдап алдық. Соны Қазақстандық көрермендеге алдағы күндері көрсетпекпіз.» дейді АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің баспасөз, мәдениет және білім бөлімінің кеңесшісі Леонард Хилл.

Кино фестиваль Алматы қаласында 20-22 қыркүйек  күндері Silk way sity  (Төле би көшесі,Наурызбай батыр қиылысы) гипермаркетінің 2-ші қабатында орналасқан кинотеатрда өтеді.

Байланыс телефоны: 2 677 472.

Билет құны 300 теңге.

Фестиваль барысында:

  • «Постердегі қыз» ( реж.Сара Нессон)
  • «Камера ұстанған балалар» (реж.Алекс Ротару)
  • «Біз әлі осы жерді мекен етеміз» (реж.Анн Мейкаейс)
  • «Нигер’66» (реж.Джуди Ирола)
  • «Сендіруге талпыныс» (реж. Дж.Клэй Твил)
  • «Америкадағы ең қауіпті адам» (реж. Джудит Эрлих, Рит Голдсмит) деректі фильмдері көрсетіледі.

Бұл фильмдердің барлығы ағылшын тілінде  орысша субтитрлармен.(Субтитрмен болғаны үшін ойыныздан айнып қалмаңыз, фильмдер өте қызықты, менің ойымша тіпті субтитрсыз-ақ көрген адамғада түсінікті)

Фестивальдің арнайы қонақтары «Камера ұстанған балалар» деректі фильмінің режиссері, түрлі халықаралық кино фестивальдердің жеңімпазы, сценарист Аленс Ротару және жазушы, кино сарапшы, кино саласының ардагері Диан Карсон.

Ал енді Америкалық деректі фильмдер фестивалінде көрсетілетін алты туындыға қысқаша анықтама беріп өтсем.

v «Постердегі қыз». Фильм мектептегі  белсенді, өмірі керемет ару Роббин Мюррейдің өмірі жайында. Алайда Американың Иракпен бастаған соғысы Робинның өмірін бір сәтте өзгертті. Небары 16 жасар қыз мектебін бітірген уақытында екі ел арасында жан-жал туындайды. Сонда ол ойланбастан  сұрапыл соғыс майданына өз еркімен аттанып кетеді. Ол кезде соғыстан қайта оралғанда өмірінің кері аударылып калған кеседей болатындығын сезбегенде еді…

Кино сан алуан эмоцияға толы. Ирактан үйіне оралған қыздың бұған дейін  мығым болып келген әдемі әлемі күйрей бастайды, пост-травматикалық стресс күйзелісінің салдарынан жан азабын шектірген қиындықтармен қалай күрескендігі баяндалады.

 

Бұл фильм күллі әлемге Ирактағы соғыстың американдықтарға қалай әсер еткендігін көрсету үшін де маңызды. Сонымен қатар фильмде пост-травматикалық стресс күйзелісін  қоғамда аса қабылдай бермейтіндігін сөз етеді. Сара Нессонның кино әлеміндегі тырнақалды туындысы   пост-травматикалық стресс күйзелісінің әйел өміріне қалайша әсер еткендігін көрсететін тұңғыш фильм.Фильм 2010 жылы Оскар премиясынның үміткері.

 

v «Камера ұстанған балалар ». Бұл фильм ұлттық премия иегері,білім беру ісінің маманы Брад Коперниктің жетекшілігімен өткен бір апталық «Актерлер аутизм дертіне шалдыққан балаларды қолдайды» мекемесінінң ұйымдастыруымен өткен үйірмесін негізге ала отырып дүниеге келген туынды. Фильм режиссері Алекс Ротару аутизм дертіне ұшыраған 11 мен 19 жас аралығындағы  балалардың тыныс-тіршілігі және өмірде ұшырататын қиындықтары жайында шынайы көрсете білген.

 

Бұл фильм бір мекеменің шығармашылық және инновациялық оқыту көмегімен неврологиялық ауруды қалайша емдеп жатқандығын баяндайды. Сонымен қатар, Америка Құрама Штаттары әлемдегі басқа мемлекеттермен салыстырғанда аутизм проблемасына ерекше зейін койып келе жатқандығын көрсетеді.

 

v«Біз әлі осы жерді мекен етеміз». Массачусетс штатындағы вампаноаг халқы Америкаға табан тіреген алғашқы ақ адамдарға тіршілігін жалғастыруға үлкен көмегін тигізеді, алайда сол жолда олар өз тілі, діні, мәдениетінен ада қалады.

 

Бұл фильмде вампаноаг халқының өз туған тілі үнді тілін қайтарып алу тарихы баяндалады. Тіпті америкалықтардың  бұл аборигендердің өз мәдениетін қалпына келтіру үстінде қандай қиын жолдардан өткендігі туралы тарихты білмейді. Оның қиын жолы дегеніміз бұл тілді лингвист әйел Джесси Литтл Доу қайта жаңғытпағанға дейін бірде бір тірі адам бұл тілде үн қатпаған екен.

Бұл фильм америкалықтардың өз мұрасын сақтауда орасан зор еңбектеніп жатқандығын көрсетеді7

«Нигер’66». 1966 жылдың жазында  65 адамнан тұратын американдық бейбітшілік корпусының еріктілері Африка құрлығына бас тірейді. Олардың келген жерлері  аптап ыстық, шөлейтті Нигер даласы. Олар бұл жерде екі жыл өмір сүреді. Сол аралықта ауылшаруашылықпен айналысып, құдықтар қазып сусыз жерлерге су жеткізеді, қыз-келіншектер мен балалар үшін денсаулық сақтау клиникаларын салады. Содан араға қырық жыл салып сол еріктілердің бесеуі Нигерияға кезінде өздері еңбек еткен даласының бүгінгі жағдайын көруге келеді. Олардың көргендері өздерін таңқалдырады…

Сол кезде не бары  65 волонтердің Африканын болашығына үлкен әсер еткендігі баян етіледі.

v «Сендіруге талпыныс». Бұл фильм  АҚШ, Жапония және Оңтүстік Африкадан келген әлемнің ең үздік алты жас сиқыршылары Лас Вегаста өткен «Әлем чемпионы» атағы үшін бәсекеге түседі.Сиқыр әлемі адамзатты қай замандада қызықтырған ғой. Оны бүкіл әлемге ортақ мәдениет деседе болады. Өйткені сиқырдың кәрі болсын жас болсын бәрін өзіне баурап алатын үлкен қасиеті бор. Сол сайыстағы болған оқиғалар режиссер Дж.Клэй Туилдің «Сендіруге талпыныс» туындысында көрініс табады.

 

v «Америкадағы ең қауіпті адам». 1971 жыл. Дэниел Элссберг АҚШтың Ветнаммен соғысындағы бас стратег маман. Ол өз жұмысын орындау барысында екі ел арасындағы  он жылдық соғысытың  өтірікке құрылғандығына көзі жетіп, қолында бар 7000 парақтан тұратын «аса құпия» деген таңбасы бар құжаттарды The New York Times   гезетіне беріп жібереді. Оның еліне деген адалдығын танытатын бұл ісі Уотергейстік жан-жалға ұшырап, сол кездегі Президент Никсонның тақтан түсіп, АҚШ-тың Ветнаммен соғысы аяқталуымен аяқталады.

Бұл фильмде  осы оқиғаны Элссберг пен сол кездегі уақиғалардың куәсі болған саясаткерлер мен журналистер өз ауыздарынан баяндайды.

Бір адамның іс-әрекеті үлкен елдің саясатына қаншалықты өзгеріс әкелгендігі көрсетіледі.

Бұл фестивальде көрсетілетін деректі фильмдердің алтауда қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеретін болғандықтан олардың әр қайсысының орны әр бөлек. Менің ойымша  шынайы өмірде болған, тарихи деркетерге құрылған бұл туындылардың барлығыда  сіздің де көңіліңізден шығатындығына нық сенімдімін :)

Сұңқар

13 Sep

 

Өткен жұмада ҚазҰУдың “Сұңқар” кәсіподағының төрайымы Әлия Қарақожаева “Салауатты өмір салтын қолдаймыз!” атты семинар-тренинг өткізді.

Таңғы сағат 6-да кісіподақ мүшелерінің барлығы ҚазҰУдың спорт кешенінде жиналып, семинар таңғы жүгіруден басталып арты қызықты ойындарға жалғасты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ерте турған студенттін бір ісі артық демекші :) ) Сол күн өте тамаша өтті. Сабаққа да кешікпей барып дегендей :) )

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кім бірінші куйеуге шығады?

13 Sep

- Кім бірінші куйеуге шығады?

- Сен!

- жоқ сен!

-Сен,сен :) ))

- Туууууууууууууй, кім шыксада тезірек тойға барайыкшыыыыыыыы :)

Кезінде осылай бір-бірімізбен қалжындасып жүруші едік. Бүгін міне группамыздың гүлі , Айғаным тұрмыс құрғалы жатыр. Откен сенбіде қызымызды ұзатыпта келдік. Мәз-мейрам болып барып, абдан тойлап. Ізгі ниеттерімізді айтып, улкеееееееееен бақыт тілеп қуанышымызды қойнымызға сыйдыра алмай жүрген едік,кешке Айғанымды ұзатып алып кетіп бара жатқанда көзімізге жас алдық. Қимастық сезімі барлығымыздың көңілімізді елжіретіп жіберді. Көзіміден тамшылап жас ағып тұрсада жүрегіміз “Айғаным!Барған жерін құтты болсын! Барған жеріне бақыт алып бар! Сүйкімді жар, аяулы ана атан” деп дүрсіл қағып тұр.

 

 

 

 

Тойдан шағын фото репортаж :) )

 

 

Біз жиналып жатырмыз :) Точнее ерте келіп алып калгандарын кутіііііііііііп отырмы…

 

Әреееееең дегенде жартымыз жиналдық. Құр тұрмай суретке түсіп алайық дееееееееееееп 

 

Сосын той бастылды!Бәрі керемееееееееееееееет болды!  Бүгін көрген түстей болып отыр  бәрі :) ) Бақытты болыңда АСХАТ және АЙҒАНЫМ :) )

 

Ғасырлар мұрасы

13 Sep

2011 жылдың 7-8 қыркүйек аралығында  Алматыда, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік Филармониясының Орталық концерт залында еліміздің Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған республикалық этно-фольклорлық ансамбльдердің «Ғасырлар сазы» атты дәстүрлі музыка фестиваль болды. Фестиваль өте керемет деңгейде өтті деп айтсам  өтірік айтпаспын. Ұлттық андер мен күйлерді тыңдап жаным бір рахаттанса, сыртта тұрған  ұлттық аспаптар көрмесін көріп көзім жайнап кетті. Содан барін суреттке түсіре беріппін ғой.

Сол көрмеден алып келген фото-базарлығымды сіздердің назарларыңызға ұсынамын :)



                      

Республикалық этно-фольклорлық ансамбльдердің «Ғасырлар сазы» атты дәстүрлі музыка фестивалі «Мәдени мұра» бағдарламасының ауқымында айқындалған міндеттерді жүзеге асыруды көздейді:

- қазақ классикалық дәстүрлі музыкасына, музыкалық фольклорға жүйелі түрде қамқорлық жасау ісін ұйымдастыруға мұрындық болу;

- қазақ этно-музыкасы дәстүрлі профессионализм типіндегі классикалық өнер екендігін жан-жақты дәйектеу;

- дәстүрлі музыканы қазақ халқының әлемдік өркениетке қосқан ең үлкен үлесі ретінде кеңінен насихаттау;

- өнер иелерін дәстүрлі музыкаға бағыттап,  ынталандырып отыру;

- дәстүрлі музыканың барлық жанрларының, әсіресе кенже қалған, сирек ұшырасатын музыкалық аспаптарды: жетіген, адырна, сыбызғы, саз сырнай, шіңкілдек, ұрмалы аспаптардың бірнеше түрі және  т.б. насихаттау;

- сонымен қатар, еліміздің барлық аймақтарындағы фольклорлық ансамбльдердің арасында қарым -қатынас орнату, тәжірибе алмасуды көздейді. 

Осындай іс-шара келер жылдары да өз жалғасын табатындығына кәміл сенеміз :)

Вounty

15 Aug

This slideshow requires JavaScript.

Әрдайым түрлі тағамдар пісіріп тұрамында, бірақ бірде біреуін блогыма жарияламаппын! Кеше пирог пісіріп тұрып сол есіме түсіп кеттіда сонын результатын суреттен көріп тұрсыз :)

Бұл пирогтың аты ВountyДәмі, аты айтып тұрғандай кәдімгі “bounty” маркалы шоколад бар ғой,  дәл сондай болып шығады :) )

Ал енді “bounty” пирогтың қалай жасалатынына тоқталайын. Continue reading 

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.